Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Өрлеу: «мектепке жол» акциясына қатысу

10.08.2018 pdf_icon 147 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 9 тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ республикалық «Мектепке жол» қайырылымдық акциясына қатысты.

Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету. Биылғы жылы «Менің таңдауым - балаларға көмек» ұранымен өткізілуде.

Акция барысында 2 отбасының 11 баласына көмек көрсетіліп, мектептің кеңсе құралдары табысталды.

Оқушылардың ата-аналары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Мукановаға және институт ұжымына көрсетілген материалдық көмектері үшін зор ризашылықтарын білдірді.

Институт ұжымы жыл сайын қайырымдылық акциясына қатысып, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсетуді дәстүрге айналдырды.