Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы

02.10.2018 pdf_icon 25 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ «Үштілді білім беру: ізденіс, мәселелер, даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, білім беру мекемелерінің қызметкерлері және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының өкілдері қатысты.

ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді білім беру стратегиясын дамыту мақсатында ұйымдастырылған халықаралық дәрежедегі іс-шараны п.ғ.д., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Садвакасова Раиса Аждаровна салтанатты түрде ашып, құттықтау сөз сөйлегеннен кейін ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариатының ОАББ аймақтық эксперті Стоянова Атанасия Петровна Қазақстандағы көптілді білім беру мәселесіне қысқаша тоқталып өтті.

Конференцияға қатысушыларды ELS, RELO АҚШ елшілігінен Эн де Уилд, Томас Робб, Сидико Сабони, Марк Дорр, Нэнси Аклистер ғаламтор арқылы қашықтықтан құттықтап, әлемдік дәрежедегі келелі мәселені көтеріп отырған алқалы жиынға сәттілік тіледі. Конференция жұмысына ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариаттың ОАББ аймақтық менеджері Гюльназ Саирова, қалалық әдістемелік орталықтың әдіскері Аида Чемербаева және «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқармасының өкілдері   Исламгулова Анастасия, Анар Қасымбекова қатысып отырды.

Конференцияда заманауи білім беру жағдайында мұғалімдерді қайта даярлау үлгілерінің бірі ретінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оларға мақсатты тіл және тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту әдістемесін (CLIL – Content and Language Integrated Learning) үйрету мәселесі тереңінен талқыланды. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін ұйымдардағы үштілді білім беруді дамыту үдерісінің сапасы оларды шешу мақсатында туындаған мәселелер мен ұқсас жағдайлар арқылы негізделіп анықталатыны сөз болды. Сондай-ақ орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерін оқыту, ұлттық мектептердегі көптілді білім беруді дамыту мәселелері, CLIL сабақтарында АКТ пайдаланудың тиімділігі қарастырылды.

Жиналғандар алдында ф.ғ.д., профессор. ҰҒА корреспондент-мүшесі, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының фонетика бөлімінің бас ғылыми қызметкері Базарбаева Зейнеп Муслимовна, ф.ғ.к., (PhD «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ББҮППЖЕ кафедрасының аға оқытушысы Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы, Британ Кеңесінен аймақтық менеджер Екатерина Артемьева, п.ғ.к., СДУ профессор-ассистенті Давран Гаипов, п.ғ.к., доцент, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ ИТжҒЖ (Г)ПОӘ кафедрасының меңгерушісі Арзиева Алия Тохтамысовна, АҚШ ерлшілігінің RELO оқытушысы Vanda Simpson осы бағыттарда баяндама жасады.

Сондай-ақ, бұл күні әлемдегі көптілді білім беру мәселесі де қарастырылып, алқалы жиынға жиналғандар алдында ғаламтор арқылы Швейцария, Норвегия, Доминикан Республикасы, Бельгия, Жапония/АҚШ, Бахрейннен ағылшын тілі оқытушыларының қашықтықтан таныстырылымына да кезек берілді.

Пленарлық мәжіліс біткеннен кейін «Үштілділік – көптілді тұлғаны қалыптастыру негізі», «Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту (CLIL – Content and Language Integrated Learning) әдістемесін енгізудегі және дамытудағы өзекті мәселелер)», «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерін оқыту», «Ұлттық мектептерде көптілді білім беруді дамыту», «CLIL сабақтарында АКТ пайдаланудың тиімділігі» тақырыптарында қаладағы жалпы білім беру мектептері мұғалімдерінің күшімен ұйымдастырылған секциялық мәжілістер де өз дәрежесінде өтті.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытындылануымен мынадай ұсыныстар қабылданды:

  • Қазақстан Республикасындағы орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында үштілді білім беруді дамыту бойынша жұмыстарды жетілдіру. 
  • Пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін (CLIL – Content and Language Integrated Learning) қолдану бойынша жұмыстарды жалғастыру.  
  • Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін АКТ кіріктіре отырып оқытуға баса назар аудару. 
  • Ұлттық мектептердегі үштілді білім беру саласының жұмысын жетілдіру. 
  • Халықаралық, республикалық, қалалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинар, форум, шебер-сыныптарын өткізу арқылы тіл саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.   
  • Үштілділікті күндізгі-қашықтықтан оқыту форматында енгізу мәселелері бойынша шетелдік серіктестермен қызмет етуді дамыту. 
  • mass media арқылы үштілді білім беру жағдайында пән мұғалімдерінің озық практикалық және инновациялық тәжірибелерін топтастыру және тарату. 

Конференция соңында іс-шараға белсене қатысқандарға сертификаттар табыс етілді.