Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Шағын жинақталған мектеп: жаңа қажеттіліктер, жаңа мүмкіндіктер

02.10.2018 pdf_icon 24 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 28 қыркүйегінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында шағын жинақталған мектептердің білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында және «Өрлеу» БАҰО» АҚ операциялық жоспарына сәйкес «Шағын жинақталған мектептерде білім беру үдерісін ұйымдастыру: жаңа мүмкіндіктер мен қажеттіліктер» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияға 169 адам қатысты, оның ішінде аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық білім басқармасы өкілдері,  профессорлық-оқытушылық құрамы, филиалдың мамандары, Көкшетау қаласы педагогикалық шеберлік орталығының мамандары, ЖОО, колледждердің оқытушылары, орта білім беру ұйымдарының  мұғалімдері  қатысты.

Бес бағыт бойынша ұйымдастырылған конференция жұмысы практикаға бағдарланған сипатта өтті. Бұл  өнімді ынтымақтастыққа ықпал етті,   қатысушылар  өз тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, әріптестерінің  еңбектерімен танысуға мүмкіндік алды. 

Пленарлық отырыстың модераторы, Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының м.а., PhD докторы (Болгария)  Акишева А.К. конференцияға қатысушыларды отырыс жұмысының басталуымен және алдағы мұғалімдер күні мерекесімен құттықтады. Іс-шараға қалалық мәслихат директоры Исимбаев Еркін Тұрашұлы, ҚР БжҒМ білім  және ғылым саласын бақылау департментінің басшысы Алтаев Серік Табылдыұлы; Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дюсенова Ботагоз Балапаевна қонақ ретінде қатысты.

Пленарлық отырыста Ақмола облысының  шағын жинақталған мектептері туралы  ақпарат берілді, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында шағын жинақталған мектептер педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері айтылды, ЖОО, колледждерде  ШЖМ-дегі жұмыс үшін  бір-бірімен  байланысты  пәндер бойынша педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері қарастырылды.

Секция отырыстары педагогикалық алаңша аясында «ШЖМ білім беру үдерісі: жаңа тәсілдері мен келешек» шеберлік сыныбы формасында өтті.

 Конференция шеңберінде «ШЖМ: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер» педагогикалық идеялар галереясы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды. Галереяға қатысушылардың көрме материалдары баннер, электронды оқулық құралдары, кітаптар, кітапшалар, слайдтық презентациялар, видеофильмдер, мануалдар түрінде ұсынылды.  Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқыту кафедрасының оқытушылары шағын жинақталған мектептер педагогтеріне біріктірілген сыныптарда оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынбалар көрмесін  ұсынды.      

Конференция қатысушыларға  шағын жинақталған мектептерде білім беру үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдарды қабылдаумен аяқталды.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы әзірленіп, институт сайтына орналастырылады.