Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Саха Республикасының делегаттарымен кездесу

02.10.2018 pdf_icon 28 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 26 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Саха Республикасынан келген делегаттар құрамындағы 30 мұғалімді қабылдады.

Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша озық тәжірибелермен танысу және зерделеу.

Кездесу барысында институт директоры Л.А. Саинова қонақтарға алғы сөзін арнап, оларға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметін қысқаша баяндап өтті, сондай-ақ, директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ә.И.Чокушева институттың оқу қызметін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырды. Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы А.Т.Құсаинова филиалда атқарылатын әдістемелік жұмысқа тоқталса, тренерлер Н.Н.Вагапова және Н.А.Клименко рухани-адамгершілік білім беру бойынша «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу және оқу процесінде критериалды бағалауды қолдану бойынша шеберлік-сыныбын өткізді.

Ресейлік әріптестер өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің мазмұнына қызығушылық танытып, жылы шырайлы қабылдауы үшін алғыстарын білдірді.