Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Білім беру мазмұнын жаңарту: жаңаша оқытудың жетістіктері мен мәселелері»

27.04.2015 pdf_icon 794 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

      Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту мәселелері қойылған. Осы мәселелерді негізге ала отырып, 2015 жылы  сәуір айының 22 күні «Білім беру мазмұнын жаңарту: жаңаша оқытудың жетістіктері мен мәселелері»  тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ-ның «Деңгейлік бағдарламалар» орталығы ұйымдастырған облыстық форум болып өтті. Форумға облысымыздың Үшінші (негізгі) деңгей курсын бітірген, сертификатталған 170 мұғалімі мен аудандық, қалалық білім бөлімінің үшінші деңгейге жауапты әдіскерлері Сириченко Н  (Түлкібас), Ташметова Ф (Түркістан),  Қуанышов Б. (Қазығұрт),  Жеткерова М. (Төлеби),  Спанова Ш. (Мақтарал) қатысты. 

 

            Форумның мақсаты: Білім берудегі сындарлы оқытудың перспективаларын қарастыру және қиындықтарын талдау. Форум жұмысы барысында сындарлы оқытудағы жетістіктер мен оқыту мен оқудағы қиындықтарды анықтауда ғылыми теориялық әдістерге сүйене отырып,  шешу жолдары,  оқытуда оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін тәсілдерді сараптау; өз тәжірибелерімен бөлісу жұмыстары жүргізілді. Облыстық форумның ашылу салтанаты Әнұранмен ашылды.

 

Форумды институт директоры п.ғ.д., профессор Л.Искаковаға ашып берді. Сөз кезегінде:  Қазіргі таңдағы  еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болатынын айта отырып, форумға қатысушыларды құттықтады.

Екінші сөз кезегі «Деңгейлік бағдарламалар» орталығының басқарушысы  Ж.Райымкуловаға берілді. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО ПҚБАИ-нан өткен  Үшінші деңгей мұғалімдерінің  сандық және сапалық көрсеткіштеріне тоқтала отырып, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі, желілік қауымдастықтағы шығармашылық жұмыстарына тоқталды. Өз кезегінде ол: бүгінгі басқосқан жиында сындарлы оқу жүйесінің  жетістіктері мен қиыншылықтары жөнінде мұғалімдер арасында пікір алмасу  жүргізілетінін атап өтті. Ұлттың болашағын тәрбиелеуде немқұрайды қарамайтын әрбір ұстаз, бүгінгі форумда өз үлесін қосуы тиіс деп атап көрсетті. Форумға қатысушы ұстаздар жұмыстарына  шығармашылық шабыт пен сәтті қадам тіледі.

 

Форумның пленаралық мәжілісінде 17 баяндама оқылды. Мұғалімдер шығармашылық ізденіске толы баяндама жұмыстарын таныстырылымдарымен    таныстырып,  көрермен мұғалімдер қауымына ой салып отырды. 

Форумның  кезеңдерінде көрме жұмыстары ұйымдастырылды. Көрмеде, әр ауданның білім бөліміне қарасты мектептердің желілік қауымдастықтағы жұмыстары мен   сертификатталған мұғалімдердің жұмыс нәтижелері көрсетілді.

 

Сонымен қатар, өзара тәжірибе алмасу жұмыстары нәтижесінде,  шебер сыныптар төмендегі бағыттар бойынша жүргізілді. Шебер сыныптан мұғалімдер, бір-бірлерімен идеялар алмасу жұмыстарымен танысты.    

1.Жаратылыстану бағыт бойынша 5 мұғалім шебер-сынып.

2. Гуманитарлық бағыт бойынша 3 мұғалім шебер-сынып.

3. Бастауыш сынып мұғалімдері үшін 6 мұғалім шебер-сынып.

Форумда  мұғалімдердің еңбегін бағалауда критерийлер арқылы бағалау жүзеге асырылды. 

Форумның қорытындысында мұғалімдер тарапынан ұсыныстар айтылды. Яғни, онлайн сабақтарды көптеп ұйымдастырылса, мұғалімдердің іс - тәжірибесі әдістемелік жинаққа енсе деген ұсыныс білдірді.

Форум соңында мұғалімдерді ынталандыру мен қолдау мақсатында  белсенділік танытқан, ерекше көзге түскен аудан, қала мұғалімдері мен әдіскерлері  марапатталды. Форумға қатысушыларға сертификат берілді.