Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Әдістемелік мектеп: «Педагогикалық идеялар панорамасы» Сайысына қатысушылардың білімдену қажеттіліктеріне көңіл бөлеміз

02.10.2018 pdf_icon 84 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу»БАҰО АҚ Павлодар  филиалы ұйымдастырған  сайыскердің  әдістемелік мектебі «Педагогикалық идеялар панорамасы» Сайысының қатысушылары үшін сырттай сабақтар өткізуді жалғастырады. Атап кетерлігі, сабақтардың тақырыптары сайыскерлердің сұранысына және конкурсқа жіберілген жұмыстардағы ескертулерге сәйкес реттеліп отырады.   

       Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі заманауи сабақтың ерекшелігі оқушының сыни ойлауына, өздігінен білім іздеу мен оны толықтыруға, экспериментальдық-зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді әдістерін пайдалану болып табылады.  Инновациялық технологиялар мен жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі (ИТжЖ(Г)ПОӘ) кафедрасының аға оқытушысы Т.Ю.Саворовская оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің білімдендіру тәжірибесін жақсарту бойынша ұсынымдар берді. Мейлінше өзекті мәселелердің бірі  сыныпта талданған ақпаратты, материалды жадыда бекіту, кеңейту және тереңдету ғана емес, сондай-ақ (және бұл өте маңызды) оқушының шығармашылық әлеуетін дамытуға, білімі мен дағдыларын тереңдетуге және кеңейтуге, ішкі уәждемесін қалыптастыруға бағытталған үй тапсырмасы болып саналады. ИТжЖ(Г)ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Идилуп  оларды орындауда туындайтын мәселелерге, үй тапсырмасының формасы мен түріне, көлеміне мұғалімдердің назарын аударуға түрткі жасады, үй тапсырмасын ұйымдастыру үшін психологиялық-педагогикалық жағдайды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.

Сабақтардың презентацияларымен сілтеме бойынша танысуға болады:

http://orleupvl.kz/metodicheskaya-shkola-konkursanta