Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Рухани жанғыру: Қазақстандық өлкетанушылардың обылыстық «Туған жер» бірлестігі құрылды

02.10.2018 pdf_icon 72 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Уақыт талабына сай білім мен тәжірибе, іскерлікті игере отырып, мектептегі өзекті мәселелердің бірі-өлкетану жұмысын ұйымдастырудың  жолдарын айқындап, бір жүйеге келтіру  мақсатында

алғаш рет еліміздің музей қызметкерлерін және өлкетанушыларды шоғырландыру бойынша киелі объектілерді жүйелеуде әдіснамалық көмекпен қамтамасыз ететін «Туған жер» Қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» құрылды.

Осыған орай Павлодар облысы өлкетанушыларын біріктіріп, қоғам құру мақсатында 2018 жылдың 19 қырқүйегінде Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің конференц-залында «Қазақ тілі» қоғамының негізін салушы, «Дауа» қоғамдық-саяси газетінің негізін салушы өлкетанушы Жеңіс Мардановтың(1945-2001) құрметіне Павлодар облысы өлкетанушылардың жиналысы өткізілді. Осы жиналысқа «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан мұғалімдердің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты,Қазақстан Республикасының тарих және қоғамдық  ғылымдар   академиясының  академигі Болат Құдайбергенұлы және мұражай бөлімінің бастығы  А.Р.Жунусова қатысып, білім  беру саласындағы  өлкетанудың   өзекті мәселелерімен бөлісіп, облыстық өлкетанушылар қоғамына  мүше болып қабылданды. Осындай  қоғамдық жұмыстар арқылы тарихты  білу әр адамға қандай қажет болса,туған өлке тарихын білудің маңыздылығы одан кем емес екеніне көз жеткізуге болады.  Мектептегі өлкетану жұмыстары оқушылардың өлке тарихын дұрыс тани білуіне көмектеседі, өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырады.