Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

«Үздік оқу-әдістемелік басылым " байқауының қөртындысы

06.11.2018 pdf_icon 26 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

"Өрлеу" БАҰО "АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ «Үздік оқу-әдістемелік басылым " конкурсына ұсынылған оқу құралдарын көпшілік алдында қорғау өтті. Конкурс мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешілері, мектепалды даярлық топтарының/сыныптарының және бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған.

Қазылар алқасының мүшелері-мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қостау кафедрасының аға оқытушылары Нургалиева С.Д., Подобинская Л.В., Евсюкова Т.А.

Конкурстың негізгі қағидаттары: ақпараттың ашықтығы, қолжетімділігі, барлық қатысушылар үшін жағдайлардың теңдігі, шешім қабылдаудың алқалылығы болып табылады.

Байқаудың сырттай турында қазылар алқасы басым бағыттар бойынша ұсынылған облыс педагогтарының 69 жұмысын қарады:

«Балалық шақ-тұлғаны дамытудың стратегиялық ресурсы»

«Жоспарланған нәтижеден бастапқы мүмкіндіктерге»

«Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде дамыту ортасы»

«Білім тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде»

Басым бағыттарға сәйкес қатысушылардың жұмыстары оқу құралы, әдістемелік құрал, оқу-көрнекі құрал, әдістемелік ұсынымдар түрінде ұсынылды.

Сараптама комиссиясы бір ай ішінде практикалық құндылығы, өзектілігі және қисынды аяқталғандығы бар жұмыстарды қарап, іріктеп алды. Күндізгі турға қатысуға 46 жұмыс жіберілді, оның 17 – і "мектепке дейінгі және бастауыш білім беру: тәжірибе, мәселелер, перспективалар" тақырыбы бойынша облыстық практикалық-бағытталған семинардың жұмысы барысында таныстырылды және 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Өз жұмыстарын таныстыра отырып, педагогтар тәжірибелерін көрсетті, сабақтың үзінділерін, осы құралдар бойынша жұмыс жасай отырып, балалар қол жеткізген нәтижелерін көрсетті.

Үздік әдістемелік материалдар институттың сараптамалық кеңесінің рецензияларына ие болады және педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында басылымға ұсынылатын болады.

 

      https://photos.app.goo.gl/TLW7yN2UsNWcPaTE6