Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Диалогтік алаң

06.11.2018 pdf_icon 20 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 2-қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған идеяларды іске асыру мақсатында «Білім сапасы – қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу кепілі» тақырыбында ашық Диалогтік алаң өткізілді. 

Өзара іс-қимыл аясында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі арттыру үшін оқыту әдістері; 4К моделіне бағдарланған педагогикалық қызметкерлердің біліктілік құзыреттілігін арттыру; біліктілікті арттыру шеңберінде ғылыми-әдістемелік консалтингтік қызметтерді ұсыну; білімді бағалау жүйесін жетілдіру; жоғары сұранысқа ие мамандықтарға балаларды бағдарлау және кәсіптік диагностика жүргізу; мектеп психологтарының қызметін күшейту, білім берудің жаңа реформалары негізінде қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырулар мәселелері қарастырылды.

Диалогтік алаңға   облыстық «Нұр Отан» партиясы, Түркістан облысы мен  Шымкент қаласы білім және білім саласындағы бақылау басқармаларының, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, әдіскерлері, жалпы білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Институт директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Л.Т. «Білім сапасы – қазақстандықтардың әл-ауқатының өсу кепілі» тақырыбында баяндама жасады. Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Сағындықов И.Ө. бүгінгі мұғалім оқушы қажеттілігіне толық жауап бере алатындай болу керектігіне, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Абылайхан Ақерке елбасы жолдауындағы Мұғалім мәртебесінің маңыздылығына, Шымкент қаласы Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Тажиева Ж.А. халықаралық стандартқа лайық білім беруді бағалау жүйесінің бүгінгі  күнгі жұмыс барысының қарқыны туралы мәселелерге, сонымен қатар институт директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ергешбаева Ш.Н. білім беру сапасын басқарудағы мониторинг жүргізіп отырудың маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Қатысушылар жарыссөздерге шықты және ортаға салынған идеялар негізінде «Жол картасын» әзірлеу бойынша ұсынымдар әзірленді.