Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Шығармашылық ынтымақтастығы кәсіби құзыреттілікті дамыту шарты ретінде

06.11.2018 pdf_icon 13 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 29 қазанымен 2 қараша аралығында Зырян қаласының «Балалар музыкалық мектебі» КМК базасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру институты қосымша білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «Развитие творческих способностей учащихся в условиях дополнительного образования» атты курс өткізді. Курс жетекшісі – Ибраимова Ш.С., МКДППІ кафедрасының аға оқытушысы.

Мақсаты – педагогикалық-ұйымдастырушылық аспектілер қызметіндегі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Курс «Ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі» КММ-мен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Училище оқытушылары музыкалық мектептің педагогтерімен оқушыларына шеберлік сабақтарын өткізді. Педагогтер үшін арнайы пәндердің әдістемесі бойынша кеңестер жүргізілді. Институттың аға аға оқытушысы Ибраимова Ш.С. курс тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмыстармен тренингтер өткізді.

 Курс барысында тыңдаушылар қосымша білім беруді ұйымдастырудағы нормативтік құқықтық актілердің тұжырымдамалық негіздерін, әр жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қосымша білім беру ұйымдары педагогтері қызметіндегі заманауи психологиялық-педагогикалық аспектілерін игерді. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша педагогтер қызметіндегі вариативті бағдарламаларын жобалауды, қызметте кіріктірілген амалдарды жүзеге асыруды, қосымша білім берудің вариативті бағдарламалары үлгілерін жасауды, қосымша білім беру жағдайында балалармен жұмыста тәрбиелік және АКТ технологияларын қолдану дағдыларын машықтады.

Тыңдаушылар курс соңында дарынды, уәжі бар балалармен жұмыстардың теориялық-әдіснамалық негіздерін, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы тиімді технологияларды және инновациялық әдістерді және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы тиімді әдістерді, амалдарды және технологияларды, заманауи ғылыми зерттеу негізінде басқару практикасының дағдыларын, өз қызметіне зерттеу жүргізу және талдауды меңгерді.

Курс соңында тыңдаушылар есептік концерт берді. Мұғалімдер курс ұйымдастырушыларына ризашылдықтарын білдірді.