Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту

06.11.2018 pdf_icon 25 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2018 жылдың 5 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынна ПҚ БАИ ұйымдастыруымен қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы  аясында облыс математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика (алгебра және геометрия) пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»  тақырыбы бойынша  оқыту басталды.

Мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту жағдайының талаптарына сәйкес математиканы оқыту және тиімді оқытуды сындарлы ету үшін математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Курс жетекшісі мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық ілеспелеу кафедрасының аға оқытушысы Саблукова Т.А.

Курстар аясында математика пәні мұғалімдері (алгебра және геометрия) жаңартылған білім беру мазмұнына өту жағдайында білім беру материалдары, қазіргі заманғы нысандары, әдістері, тәсілдері мен оқу құралдарының мазмұнын таңдау бойынша сындарлы жобалау қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби құзіреттіліктерін дамытады.

Тыңдаушылар курс соңында:

  1. білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтініндегі математика пәні бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын біледі; 
  2. математика сабақтарында білім алушылардың жобалық-зерттеушілік қызметін ұйымдастыру үшін     оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдануды, шиыршық тәрізді ұстанымдар негізінде математика пәні бойынша оқу материалдарын жоспарлауды қамтамасыз етеді;
  3. математика пәні бойынша білім алушылардың негізгі дағдыларын дамыту, сонымен қатар оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жүзеге асыруды, қысқамерзімді сабақ жоспарларын жобалауды, математикалық білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сыныптан тыс қызметтерді ұйымдастыруды меңгереді.