Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ» қызметі туралы 14 мамырға ақпарат

14.05.2015 pdf_icon 743 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

13 мамыр 2015 жыл

Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел өкілі М.Дайырқожаев және Қызылорда ОІІД арнайы мақсаттағы «Арлан» бөлім командирінің орынбасары Т.Ешжановпен кездесу болып өтті. Кездесу барысында терроризмге қарсы іс-әрекетті үйлестіру тетіктерін жетілдіруге, терроризм мен экстремизмнің алдын-алу мен жолын кесудің тиімді жүйесін қалыптастыруға, азаматтар мен қоғамның террористік қауіп-қатерден сенімді түрде қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимыл шаралары талқыланды. Қоғам мен азаматтарды террористік қауіптерден қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қосымша ұйымдастырушылық-практикалық шаралар мен терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында ақпараттық насихаттау және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

29 сәуір 2015 жыл

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне СМАРТ білім беруді енгізу мәселелері»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ жеделдетілген жоспарына сәйкес, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіне СМАРТ білім беруді енгізу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Корея Республикасы, Түркия, АҚШ, Германия, Ресей, Ұлыбритания, Украина, Беларуссия, Aустралия, Канада, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка елдерінің шетелдік педагог-ғалымдары, ТжКБҰ, ЖОО өкілдері және Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері қатысқан конференция жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтытың қызметкерлері Ж.Самуратова, А.Иниятова, М.Смагулова, М.Есенбекқызы қатысты. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына мақалаларын ұсынды және халықаралық дәрежедегі сертификатпен марапатталды.