Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Педагогикалық кеңес - жаңа педагогикалық ойлаудың стратегиясы

16.01.2019 pdf_icon 175 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 16 қаңтар күні Павлодар қ. №15 пилоттық мектепте корпоративтік оқыту  жобасы арнасында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында педкеңес ұйымдастырды.

   Педагогикалық кеңес білімдендіру үдерісінің мәселелерін шешетін кездейсоқ бір реттік немесе уақиғалық құрал болып саналмайды. Біздің көзқарасымызша, педкеңестер өткізудің  мақсаттары, міндеттері мен стратегияларын алдын ала анықтайтын басты фактор білім беру мекемелері дамуының жүйелі сипаты болып саналады, сондықтан да біз педкеңесті  мектептің білімдендіру кеңістігінің негізгі педагогикалық тұжырымдамасы міндеттерін шешуге бағытталған айқын анықталған педагогикалық іс-қимылдардың жүйесі, барлығына түсінікті нәтижелер деп қарастырамыз. Бұл үлкен де қарымталы жұмысты,  менеджменттің белгілі бір ережелерін және педкеңесті дайындау мен өткізу технологияларын білуді талап етеді.

    Педкеңесте Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында анықталған функционалдық сауаттылықты дамытудың,   2016-2019 жылдарға арналған ББДМБ, 2012-2016 жылдарға арналған мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша  іс-қимылдардың Ұлттық жоспарында белгіленген, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс» деген жалпы бағдарлар талқыланды. Функционалдық сауаттылықтың даму үдерісі пәндік білім, білік, дағдылардан туындай отырып, оқу пәндері құралдарымен қалыптасатын ойлау дағдылары негізінде іске асады. Ойлау дағдыларының қалыптасуы мен дамуының құралы -білім, ал ұйымдастыру формасы- проблемалық жағдаяттар түрінде көрінетін сол пәндік ББД-лар болып табылады. Соның ішінде ойлау дағдыларының өзі ББД-ды құзыреттілікке, яғни функционалдық сауаттылыққа көшірудің құралы қызметін атқарады.

     Білімдендіру ұйымдарындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үдерісін басқару мыналарды болжайды:

  • мұғалімнің функционалдық сауаттылық бойынша берік тұғырлы білімдерді толық игеруі,
  • функционалдық сауаттылықты оқушының субъектілік тәжірибесіне сүйену арқылы дамуы қамтамасыз етілетін тұтас жүйе ретінде түсіну,
  • оқушының функционалдық сауаттылығының жаңа құрамдастарын (кілтті құзыреттіліктерді) білу және оларды қалыптастыру бойынша технологияларды меңгеру.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін қажетті алғышарттар:

  1. Ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету.
  2. Білім беру мазмұнын жаңарту.
  3. Оқу-әдістемелікті қамтамасыз ету.
  4. Оқушының білім сапасын бағалау жүйесі және мониторингісі.
  5. Материалдық-техникалық база.

Педкеңес мұғалімдерді функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдендіру жағдаяттарында ұйымдастырылды.

                  «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ  баспа орталығы