Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Бақыт күні» қайырымдылық акциясы

21.01.2019 pdf_icon 153 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

18 қаңтар күні   «Қамқор жүрек» қоғамдық қорының балалары үшін  Жамбыл-«Өрлеу» қызметкерлері Бақыт күнін ұйымдастырды.

Саз балшықтан жасалған құсты әрлеу бойынша «Бақыт құсы» шебер-сыныбын мониторинг және талдау бөлімінің бастығы Гүлжан Ибраимова, ал «Бақыт сүйіспеншіліктен басталады» психологиялық тренингін тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Асия  Сейджапарова өткізді.

«Көңілді карнавал» мерекелік-сауықтық бағдарламасы аясында  академиялық бөлімнің бастығы Майя Омирбекова «ВУАЛЯ» агенттігімен (шетін жағдай екенін түсіне отырып, төлемақысын төмендетті) бірлесе отырып «Қуыршақ ЛОЛ Барбоскиндерде қонақта» іс-шарасын ұйымдастырды.  Кітапхана меңгерушісі Инна Грицинина балалармен бірлесе отырып «Тілектер ағашын» толтырды. Бұл ағаш біздің филиалда мәңгі қалады! Балалар сонымен қатар филиал қызметкерлері жазған тілек-орамалға да ие болды. Балалар мен олардың аналарына арналған тәтті үстелге әкімшілік-ұйымдастыру басқармасының бастығы Гульнара Мурахметова жауап берді.

Меркелік іс-шарада филиал әкімшілігінің атынан қордың директоры Элизабет Турнокқа, қордың   әкімшілік көмекшісі Асель Фатиховаға және қордың қоса құрушысы Виктория  Шарбонға алғыс хаттар табыс етілді.

Сөз алған Виктория Шарбону балаларға осындай үлкен мереке сыйлаған Жамбыл-«Өрлеу» қордың нағыз достарына айналғанын атап көрсетті. Қазіргі күнгі ең қымбат сый – ол уақыт, филиал осындай алтын уақытты «Қамқор жүрек» қоғамдық қорына  сыйлады.

Анықтама үшін: Қарашаның 13-ші күні бүкіл қоғам Мейірімділік күнін атап жатқанда «Жамбыл-Өрлеуде» «Қамқор жүрек» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Жамбыл-Өрлеу» қызметкерлерінің «Қамқор жүрек» Қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумы инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерлердің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыру мақсатында жүргізілген болатын.

Меморандум инклюзивті білім берудің табысты тәжірибесін зерделеуді, тараптардың бірлесе отырып балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінде қосымша кәсіби білім беру және әлеуметтік әріптестік аясында желілік өзара ықпалдасуын ұйымдастыру негізінде іс-шаралар  өткізуді іске асыруды көздейді.

Бірлесе отырып жоспарланған ic-шаралардың алғашқысы ойдағыдай іске асты!

 

Баян Муртазаева, ҚБжББ бас маманы