Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Білім сапасы: білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы жаңа амалдар

23.01.2019 pdf_icon 225 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 22 қаңтары күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Білім сапасы: білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы жаңа амалдар» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – білім сапасын білім беру үрдісінде нәтижеге жететін технологияларды қолдану арқылы көтеру.

Семинар жұмысына Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Байназарова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов, институт қызметкерлері және Қалалық білім бөлімінің мамандары, облыстағы білім беру мекемелері мен оқу орындары директорларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, Қызылорда облысының деңгейлік және жаңартылған білім мазмұны бағдарламалары бойынша сертификатталған мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар жүмысын №264 мектеп-лицейінің директоры Ұ.Маханова кіріспе сөзбен ашты.

Семинар барысында №264 мектеп-лицейінің мұғалімдері түрлі бағыттағы ашық сабақтар, кіріктірілген сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптарын өткізді. Сонымен қатар әлеуметтік-педагог Г.Нұрмағанбетова семинарға қатысушы ата-аналарға мемлекеттік қызмет көрсету бұрышын таныстырды. Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері Б.Қожамқұлов, С.Абдіғаппаров жаңартылған білім беру негізінде дене бітімі және рухани дамыған, елжанды, салауатты тұлға дайындау мақсатында 7, 8, 9-сыныптар арасында жүзуден жарыс ұйымдастырды.

Семинар қорытындысында ашық сабақтарға қатысқан институт тренерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектеп мұғалімдерінің сұрақтарына жауаптар берді.

Семинар соңында үздік идеялар мен тәжірибедегі жаңалықтарымен бөліскен мектеп-лицей мұғалімдері институт тарапынан Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.