Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Көпмәдениетті білім беру жағдайындағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру

25.01.2019 pdf_icon 154 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

   2018 жылдың 21-қаңтары Павлодар қаласының №25 мектебінде «Көпмәдениетті білім беру жағдайындағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша сараптамалық кеңес өткізілді. Кеңестің мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісінде көптілдікті дамыту арқылы көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған мектептің оқу-тәрбие іс-әркеттерімен бөлісу. Іс-шара барысында: «Ғылым-жанып тұрған шырақ, өнеге -ағып тұрған бұлақ» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, «Даналық негізі- білім» атты білім мазмұнын жаңарту бойынша кіріктірілген ашық сабақтар берілді. Бұл кенеске «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт директорының м.а. Р.Д. Ашимбетова мен мұражай бөлімінің бастығы А.Р.Жунусова қатысты.

      «Ынтымақ - ырыс қазығы» тақырыбында ЖОО ғалымдарымен бірлесе өткізлген ток-шоуға Роза Дүйсенқызы сараптаушы ретінде қатысып, көптілді тұлғаны тәрбиелеу туралы өз ойын білдірді. Жас мұғалімдер арасындағы пікірталаста көптілділікке оқыту мәселесі жайлы мазмұнды әңгіме құрастырылды. «Рухани жаңғыру» аясында «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты ашық тәрбиелік шаралар мен қатар Елбасының « Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша макеттер сайсының қазылар төрағасы болып А.Р.Жунусова сайланды, қазылар алқасының шешімімен ЖОО студентері мен оқушыларға алғыс хаттар және дипломдар табысталды. Әрине, студенттер мен оқушылар арасында өзекті мәселеге қызығушылық туындап, оны бірден қолға алып, жүзеге асыру шаралары өтізіліп жатқаны- кімді болмасын қуантарлық жағдай.

     Сонымен бірге «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде білім басқармасының бастауымен инновациялық орталық және институт бірлесе жұмыс істеп, нәтижесінде мектеп мұражайларына арналған концепция жасалуда.

      Түрлі ұлттардың «Достық» бірлестіктерімен дөңгелек үстел барысында Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыру мәселелері де қарастырылды. Биылғы жылы «Нұр отан» партиясының 20 жылдығына орай ұстаздардың азаматтық белсенділігін осындай атқарылып жатқан іс-шаралардан көруге болады