Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Астанада өткен оқу семинары

25.01.2019 pdf_icon 190 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылы 3-11 қаңтар аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сертификатталған тренерлері Астана қаласында «НЗМ» ДББҰ ПШО базасында ұйымдастырылған  «Тренердің кәсіби бағдары: Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында білім беру бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбындағы оқу семинарына қатысты.

Семинарда білім беру бағдарламаларына жалпы шолу жасалып, Білім беру бағдарламалары орталығының (ББО) бағдарлама құрастырушыларымен бірлесе төмендегідей мәселелер: Қазақстандағы білім беру үдерісінің қатысушыларына жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері мен пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны және жоспарлау т.б. талқыланды.

Семинар аясында «Жаңартылған оқу мазмұнын енгізу аясында саралап оқыту» тақырыбы бойынша фасилитацияланған сессия өткізілді. 300-ден аса қатысушы өздерінің кәсіби біліктіліктері мен шеберліктерін шебер қолдана отырып, педагогикалық идеяларды жандандырып, білім берудегі күрделі мәселелерді талдай отырып, тиімді шешім шығару үдерісіне тартылды. Өзара бірлескен сәтті жұмыс нәтижесі қойылған мақсаттарға жете алды.

Сондай-ақ семинар «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары тренерлері арасында өзара тәжірибе алмасуға, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тренерлік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік тудырды.