Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жастар жылы: маңызды және қажетті

25.01.2019 pdf_icon 165 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Елбасының «2019 жыл –Жастар жылы»  ашылу салтанатты жиынының нәтижесі бойынша, 2019 жылдың 24 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қазақстан Республикасы  білім беру жүйесінің басшы жəне ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Болашаққа сеніммен» тақырыбында жас қызметкерлер арасында дөңгелек үстел өтті.

Алғы сөз директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. Танатова Асель Джангазыевнаға берілді. Сонымен қатар, директордың инновациялық даму жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. Денисова Ирина Александровна құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының бастамасымен 2019 жылы жастардың әл-ауқатының өсуіне, оның туған ел мен халқының өркендеуіне жаңа мүмкіндіктердің мол болатындығын айтып өтті. Ол үшін  әрбір жас, біріншіден өзі үшін, яғни, дамыған, заманауи және мықты мемлекеттің азаматы болу үшін, Елбасының бастамасын іске асыруға ықпал ету керек.

Іс-шара барысында әр қатысушы өз ойындағы көкейтесті сұрақтарды ортаға салып, пікір таластырса,  топтық жұмыс әр қызметкердің жеке және кәсіби дамуына жағдай жасау бойынша ұсыныстарды синтездеуге ықпал етті. 

Жастар жылы аясында, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған көптеген жобаларды іске асыру жоспарлануда. Осыған байланысты,  дөңгелек үстел жас қызметкерлердің мүдделері мен басымдықтарын, олардың кәсіптік қажеттіліктерін анықтауға, сондай-ақ 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспарын әзірлеуге мүмкіндік берді.