Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Тәжірибені облыстық деңгейде жалпылау

30.01.2019 pdf_icon 142 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 25 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Қарағанды қаласының №1 өнер мектебімен бірлесіп, бейнелеу өнері пәнінің оқытушыларына арналған семинар өткізді. «Қосымша білім беру жағдайында көркем-шығармашылық қызметті сақтау және дамыту – болашаққа қадам» тақырыбында қосымша білім беру педагогтарына өздерінің кәсіби тәжірибелерін облыстық деңгейдегі әріптестерімен бөлісуге мүмкіндік берді.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының басшысы Б.С. Кудабаева семинарға қатысушыларды өз ұйымдарында жылы қарсы алды. Баяндама жасаушылар қызықты тақырыптарды таңдады.  Олардың ішінде – технологиялық карталарды пайдалану мәселелері (Рембе М.А., Қарағанды қ.), сәулет бойынша кіріктірілген сабақ (Мельханова Е.В., Соловьев Ю.В., Теміртау қ.), акрилді пайдаланудағы заманауи тәсілдер (Магдеева В.В., Қарағанды қ.). Суретшілердің шеберлік сағаттары компьютерлік сурет технологияларына арналды (Жученко И.А., г.Караганда), акварель туштар (Калкина О.А., Нуртаева Ж.К., Қарағанды қ.), ыспен сурет салу (Пашкова М.Н., Теміртау қ.), монотиптер (Ермишина В.А., Шахтинск қ.), ертегі терапиясы (Ивашенцева Т.Н., Қарағанды қ.).

Семинарға қатысушылар Қарағанды БАИ мен №1 өнер мектебіне көрнекі өнер саласы бойынша қосымша білім беру педагогтарын кәсіби дамыту мәселелеріне және пікірлес адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.  

 

С.Б. Мукушева, әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқарма бастығы