Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жамбыл-«Өрлеу» 2018 жылды қорытындылады

30.01.2019 pdf_icon 168 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 29 қаңтары күні Жамбыл-«Өрлеу» филиалдың 2018 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысын жасады. Ұжымның жиналысы үш бөлім бойынша өтті:   қорытынды жасау, филиалдың 2019 жылға арналған негізгі стратегиялық міндеттері және 2018 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерді марапаттау мен мерейтой иелерін құттықтау.

Ұжымның жиналысын құттықтау сөзбен ашқан филиал директоры Гульшат Медетбекова «Өрлеу» БАҰО» АҚ 17 филиалы ішінде 2-ші орынды иеленген ұжымды жеткен жетістігімен құттықтады. Екінші бөлімде жыл қорытындысы бойынша мониторинг және талдау бөлімінің бастығы Гулжан Ибраимованың, академиялық бөлімнің бастығы Майя Омирбекованың, инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің бастығы Гүлнұр Иманалиеваның, «Өрлеу» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Гаухар Таджибаеваның есептері тыңдалды.

Филиал директоры Гульшат Медетбекова өз сөзінде филиалдың 2019 жылы жасалатын жұмыстарының негізгі стратегиялық бағыттарымен таныстырды. ҚБжБ бөлімінің бастығы Елена Бегалиева 2019 жылғы медиа-жоспармен таныстырды,  себебі өткен жылы жасалған осындай жоспарды орындауда қоғаммен, БАҚ байланыс бағытында Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ барлық құрылымдық бөлімдерінің атқарған іс-шаралары әлеуметтік желілерде дер кезінде  орналастырылып, алдыңғы қатардан көрінді.

Филиалдың оқу-әдістемелік, курсаралық және баспа жұмыстары бойынша жоғары көрсеткіштерге жеткен қызметкерлері сәйкес номинациялар бойынша марапатталып, дипломдар мен алғыс хаттар алды.

Филиалдың мерейтой иелеріне салтанатты жағдайда кәсіподақ комитетінің адрестік папкалар мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Ұжымның жиналысын қорытындылаған филиал директоры Г.О.Медетбекова бірлескен жетістікке жету жолындағы Институт қызметкерлерінің күнделікті қажырлы жұмысына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар алдағы жылы ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті.

Институт ұжымы өз алдына қойылған міндеттерді тиімді және сапалы орындау қажеттігін түйсіне отырып, облыстың білім беру саласының ары қарай орнықты дамуы үшін жоғары жауапкершілікті сезініп, барлық күш-жігерін жұмсайды деген сенім білдіреміз.

 

Несіпкүл Құрмашева, МДТжБББ кафедрасының аға оқытушысы