Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мектептегі кездесу

31.01.2019 pdf_icon 132 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Тұран» жеке мектеп лицейінде 2019 жылдың 29 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ және RELO АҚШ Елшілігінің «Discovering US» халықаралық жобасы аясында ELF танымдық бағдарламасының маманы Ванда Симпсонмен 10 сынып оқушылары және ағылшын тілі мұғалімі Наталья Дмитриевамен АҚШ мәдениеті және салт-дәстүрлері тақырыбы бойынша кездесу болып өтті.

Жиналғандардың алдында Ванда Симпсон штаттағы адамдар және олардың өмір сүру стилі туралы әңгімелеп берді. Бұдан әрі бұл тақырып қызу талқыға түсті.

Кездесу соңында оқушыларға бір аптаның ішінде «Колорадо» штаты туралы жобаларын ұсынуға тапсырма берілді.

Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ және RELO АҚШ Елшілігінің «Discovering US» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған ELF танымдық бағдарламасының маманы Ванда Симпсонмен Алматы қаласындағы № 52 мектеп оқушылары және ағылшын тілі мұғалімі Наталья Дмитриевамен АҚШ мәдениеті және салт-дәстүрлері тақырыбы бойынша кездесу де сәтті өтті.

Бұл кездесуге алдын-ала дайындалған оқушылар тілін оқып үйренген елді қалай елестететіні туралы ақпараттарын ортаға салды. Ванда Симпсон болса штаттықтардың өмір стилін ағылшын тілінде әсерлі әңгімелеп берді.

Әңгімеге әсерленген белсенді оқушылар В.Симпсонға өздеріне ұнаған ел дәстүрі туралы сұрақтарына тиісті жауаптар алды.

 

Л. Петрова