Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Рухани жаңғыру»: туған жерге деген сүйіспеншілікпен болашақты бағдарлау

04.02.2019 pdf_icon 166 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

1ақпан күні мектепке дейінгі жастағы балалардың азаматтық-патриоттық тәрбие беру жүйесінде өлкетануды оқытудың инновациялық нысандарын пайдалану бойынша жұмысты қорытындылау мақсатында Тараз қаласындағы №8 бөбекжай -бақшасында  тәжірибелік-бағдарлы семинар өткізілді. Семинарға «Жамбыл-Өрлеу», облыстық білім беру басқармасы, «Жамбыл туристік индустриясы қауымдастығы», заңды тұлғалар қауымдастығы, облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбиешілер мен ата-аналары, ТарМПУ оқытушылары, қалалық білім бөлімі әдіскерлері қатысты.

Семинар барысында инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Светлана Шевченко Өлкетанудың «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының негізгі бағыты бойынша шығармашылық жобаны іске асыруда № 8 балабақша мен филиалдың «Ересектер тобы балалары және олардың ата-аналарына «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым!» тақырыбындағы тарихи және мәдени нысандарға саяхат ұйымдастыру» жобасын жүзеге асырудағы табысты тәжірибесін көрсетті. Жобаға қатысқан ата-аналар мен тәрбиешілердің пікірлері оның өміршеңдігі мен тиімділігін көрсетті, сондықтан жоба облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының табысты іске асырылу тәжірибесі ретінде облыстағы балалар туризмін дамытуға үлес қосуға болатындығы айтылды.

Кітапхана меңгерушісі Инна Грицинина жергілікті өлкетануды танымал етудің ең нәтижелі түрлерінің бірі ретінде «Атамекенім-асыл мекенім» интерактивті көрме жобасын және «Туған жер білгірлері» кітапханалық туристік жобасы буктреллерін ұсынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту еркешеліктері» тақырыбында  мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі, псх.ғ.к., қауым. профессоры М.Оспанбаева сөйледі. Археолог Искандер Торбеков Жамбыл облысының табиғи-көріністі аймақтарындағы тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша пікір білдірді. Бөбекжай-бақшасының мұғалімдері бірқатар шеберлік сабақтары мен балалардың азаматтық -патриоттық тәрбие беру  жұмыстарының қорытындысын көрсетті.

 

Рысбике Кадырбаева, ИДӘҚЕ бас маманы