Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жаңа идеялар кезеңі

06.02.2019 pdf_icon 139 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 4 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Д. Муканова және аға оқытушылар М.Б. Сулейменов, Ж.Е. Кантарбаева Қазыбек би атындағы аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ХХ конференциясы жұмысына қатысты. Форумның басты идеясы – «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы – құрылу уақыты және әлеуметтік дамуы».  

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г.К. Бижанова, А.П. Рау, Б.С. Оспанова, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Б. Оспанова, партия активі, қалалық мәслихаттың депутаттары, бастапқы партия ұйымының төрағалары, мемлекеттік ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.К. Бижанованың «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын қабылдау жөніндегі баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Гульнара Кадиржановна мұғалімге мемлекеттің қолдауы аса қажет екенін атап өтті. Заң жобасында педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру, біліктілікті арттырудың ваучерлік жүйесіне көшу қарастырылған. Депутат атап өткендей, бәсекелестік ортада «Өрлеу» Институтына да жұмыс жасауға тура келеді.

Партия филиалының төрайымы, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі, Т.Н. Шатохина өз сөйлеген сөзінде «Өрлеу» Қарағанды филиалының БПҰ мүшелерінің назарында қазақстандықтардың инновациялық ұрпағын дайындау, білім беру жүйесіне үздік мамандарды тарту екенін атап көрсетті. Институтта робототехниканың негіздерін оқыту үшін IT-сынып, М.Монтессори кабинеті ашылды, онда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары өз шеберлігін арттырады. Институттың мақтанышы рухани-адамгершілік тәрбиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруға ықпал ететін «Мәңгілік ел» кабинеті болып табылады.

Конференция барысында қатысушылар 2030 жылға дейін «Әлеуметтік қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» «Нұр Отан» партиясының партия бағдарламасы жобасын талқылады және ұсыныс жасады. Делегациялар Бағдарлама одан әрі жаңғыртуға күшті серпін беріп, алдағы жылдары партияның идеологиялық және мазмұндық күн тәртібін белгілейтініне сенім білдірді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ директоры С.Д. Муканова «Нұр Отан» партиясының облыстық конференциясына делегат болып сайланды.

 

Н.Ю. Сейтова, институттың бастапқы партия ұйымы төрайымының орынбасары