Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Латын графикасы және жазу сауаттылығы

08.02.2019 pdf_icon 166 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 8 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіруге байланысты арналған кезеңдік іс-шаралар жоспарына (2018-2020 жж.) сәйкес «Өрлеу» БАҰО» Қарағанды облысы ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырған «Латын әліпбиі және жазу сауаттылығы»  әдістемелік көпір жұмысына қатысты.

Әдістемелік көпір мақсатылатын әліпбиіне көшу жағдайында жазу сауаттылығын дамытуда туындаған өзекті мәселелер мен әдістемелік ұсынымдарды талқылауға арналған пікірлесу алаңын құру.

Әдістемелік көпірге «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының тренерлері, Астана қ., Ақмола, Қарағанды облыстарының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, сонымен бірге С.М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ оқытушылары қатысты. Көпір жұмысына онлайн режимде Астана қ., Ақмола, Қарағанды облыстарының жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері де қосылды.  

Көпір жұмысы барысында баяндамашылар латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілі жазуының жаңа емле ережесіне қатысты сұрақтар қатарын талқылады.    

Әдістемелік көпірге қатысушылар жазуды мемлекеттік реформалауға қатысты мұндай шаралардың маңыздылығын айта отырып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарына алғыстарын білдірді.  

 

Сулейменов М.Б., ТжТӘ кафедрасының аға оқытушысы