Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Қарағанды облысында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері бойынша пікірлестердің кездесуі

11.02.2019 pdf_icon 7 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 8 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты А.Н. Сакаева Қарағанды облыстық  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (одан әрі - ПМПК) ұйымдастырған ашық есік күніне қатысты. Іс-шараның мазмұндық желісі: Баланың сапалы білім алу құқығын ПМПК қызметінің басты бағыты ретінде қамтамасыз ету.

Ашық есік күні жұмысына көптеген кәсіби серіктестер қатысты:

  • Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысының білімды дамыту және оқу-әдістемелік орталығы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ өкілдері;
  • жалпы білім беретін мектептер мен арнайы мектеп-интернаттардың директорлары, инклюзивті білім берудің тағылымгерлік алаңының, ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің және оңалту орталықтарының басшылары;
  • қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері. 

Іс-шара мазмұнының өзектілігі, ашық есік күндерінің дәстүрлі емес форматы бейресми жағдайда (митап), ерекше жұмыс түрлерін (кьюбинг, лек-легімен дәріс оқу, ашық мінбе) талқылау үшін пікірлестер кездесуі түрінде өткізу, барлық мүдделі тараптардың өңірдегі инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін сындарлы түрде талқылауға мүмкіндік берді.

Ержолова Жанар Асқарбекқызының басшылығымен Қарағанды облыстық психологиялық, медициналық және педагогикалық консультация ұжымы өз міндеттерін, жетістіктері мен даму перспективаларын таныстырды, Ашық есік күніне қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Біз осындай маңызды және қызықты шараның дәстүрге айналатынына сенеміз әрі шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

А.Н. Сакаева, МД және БББ кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.