
ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 1-тарау 48-бап 1-тармағы
"Өрлеу" БАҰО АҚ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 қаулысымен құрылды. Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт пен 16 облыстық және Астана, Алматы қалалық біліктілікті арттыру институттары Ұлттық орталықтың филиалдары ретінде анықталды...
«Өрлеу» БАҰО АҚ басты қызметі - әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру.
«Өрлеу» БАҰО АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі педагогтар біліктілігін арттыратын әлемдік жетекші білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста.
«Өрлеу» БАҰО АҚ жыл сайын түрлі деңгейдегі 73,3 мың педагог қызметкерлер біліктілігін арттыруды жүзеге асыруда.
«Өрлеу» БАҰО АҚ біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі аясында Қазақстан Республикасында білім сапасын көтеруді қамтамасыз ететін білім берудің жаңа философиясы мен қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларын енгізу қолға алынған.
ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 1-тарау 48-бап 1-тармағы
"Өрлеу" БАҰО АҚ
07.02.2019 ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Білікті ұстаз» бастауыш партия ұйымының жауапты хатшысы Анара Касымбекова мен «Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Білікті ұстаз» бастауыш партия ұйымының жауапты хатшысы Назерке Қарабалаева «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының кезектен тыс өткізілген XXVI конференциясына қатысып қайтты.
Конференцияға саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті. Күн тәртібі:
1. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі;
2. ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру барысы туралы;
3. «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау.
4. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының конференциясына делегаттар сайлау.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Келесі сөз кезегі Әуезов ауданының Ардагерлер кеңесінің төрайымы, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Батима Ибраева ханымға берілді. Батима Ибраева «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған тұжырымдарды, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын халыққа түсіндіру және жүзеге асыру шараларына ардагерлер кеңесі белсене араласып жүргенін алға тартып, аудан және қала бойынша ардагерлерге жақсы жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар аталмыш жиында білім беру, денсаулық сақтау саласы, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай баяндамалар оқылып, келген қауымға партия тарихынан сыр шертілді.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ