Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Ынтымақтастық Меморандумы

12.02.2019 pdf_icon 163 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

ЖМА мұғалімдерге ағылшын тілінде сабақ беретін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ эксперименталды тобының есімдері атқарған жұмыстары мен жетістіктері арқасында бүгінде ҚР Білім беру кеңістігінде белгілі. Мұнда шығармашылық және өз мамандығына адал, іс жүзінде оқушыларды бүкіл әлемде бәсекеге қабілетті бірқатар елдің қатарына шығаруға тырысатын адамдар жұмыс істейді. Топ жұмысы аясында тренингтер, семинарлар, ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіледі, дидактикалық және оқу құралдары шығарылады. Эксперименталды топ мүшелері жыл сайын АҚШ және РФ елшілігінің конкурстық бағдарламаларына қатысады, олардың нәтижелері бойынша өз жұмыстарын халықаралық сайттар мен конференцияларда ұсынады.

2019 жылдың ақпан айында аталған жобаға «Тұран лицейі» мектебі қосылды, онда үш тілді білім беру бағдарламасы табысты іске асырылуда: ағылшын тілін тереңдетіп оқыту; ағылшын тілінде бірқатар пәндерді оқыту; оқушылар «Тілдесу» және «Speaking Club» сөйлесу клубтарына барады. Әсіресе, инновациялық үш тілді «лингвистикалық жаттығу» жобасы балалардың ерекше қызығушылығын туғызуда. Сонымен бірге сыныптан тыс іс-шаралар жүйесі және т.б. енгізілді. Мектеп оқушылары осы бағыт бойынша әр түрлі конкурстарда, олимпиадаларда, конференцияларда, сондай-ақ шетелдік қонақтармен кездесулер кезінде жоғары жетістіктерін көрсетеді. Мектептің химия пәнінің мұғалімі Т. Г. Белоусова Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ курстарында оқып, білімін жетілдіріп отырады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Тұран лицейі» мектебі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандумға «Тұран» университеті жанындағы «Тұран лицейі» мектебінің директоры, «Тұран» университеті «Психология» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Исламгулова Светлана Константиновна және «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары, п.ғ.к. Халитова Ильдана Ильдархановна қолдарын қойды.

Осындай ынтымақтастық Алматы қаласының жалпы білім беру мекемелері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту жолында да өзара тиімді болады деп үміттенеміз.

И. Халитова