Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»

13.02.2019 pdf_icon 171 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019  жылдың 12 ақпанында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ тренерлері Павлодар қаласының  №4 Қ. Мақпалеев  атындағы ЖОББМ «Өзін-өзі тану:  Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»  қалалық семинарға қатысты.  Мектеп өзін-өзі тану идеяларын білім беру ортасына интеграциялау тәжірибесін енгізу үшін институттың аймақтық пилоттық алаңы.

        Семинардың мақсаты: «Өзін-өзі тануды» басқа пәндермен интеграциялау арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыттау.

        Семинарға қалалық мектептердің «Өзін-өзі тану» мұғалімдері,  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының  пилоттық мектептері қатысты. Пленарлық бөлімде Б. Ахметов ат. ППК, Ақсу қаласының №7 ЖОББМ, Заря ЖОББМ, Песчан ШКМ өкілдері  өз тәжірибелерімен  бөлісті. Ақсу қаласының №7 ЖОББМ оқу ісінің меңгерушісі А. Т. Апаева: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімді мектептің тұтас үдерісіне енгізу, жалпы орта білім беру сабақтарының мазмұнына енгізу, жоба жұмыстары, ата-аналармен жұмыс жасау, мұғалімдермен жаңа үлгіде семинар ұйымдастыру арқылы өткізілген» іс-шаралар мектептің  рухын жаңғыртты, үлкен өзгерістерді айқындады. Бұл- құқық бұзушылық көрсеткіштерінің төмендеуі,  педагогикалық ұжымның оқушылардың отбасымен, жұртшылықпен тығыз байланыста жұмыс жасауы, мектеп – отбасы – қоғам  рухани-адамгершілік білім кеңістігін ұйымдастыруда  бірлік, өзара ынтымақтастықтың орнауы»,-деді.

      Семинар барысында «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған 8 ашық  сабақ өткізілді (химия, математика, дүниетану, орыс тілі, география, тарих, ағылшын тілі, дене шынықтыру), «Өнер - ағып жатқан бұлақ» көрмесі  ұсынылды, «Шаңырақ» жобасының тұсаукесері өткізілді.

        «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасы ХХІ ғасырдың маңызды мәселелерін шешуге бағытталған: ізгілік пен қайырымдылық, жауапкершілік пен заңға мойынсынушылық, барлық адамдарға деген кішіпейілділік пен құрмет қасиеттерімен сипатталатын, ұлы Абайдың «Адам бол!» қағидасын ұстанатын кемел адамды тәрбиелеу.    Семинардың қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ тренері Несипбаева А.Ж.