Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жаңаша оқыту - білім сапасын арттыру негізі

14.02.2019 pdf_icon 180 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін жаңаша оқытуда пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қатысуымен  біліктілік арттыру  курсы өтуде.   

Курс барысында тыңдаушылар қамтылатын тақырыптарға сәйкес теориялық білім жинақтап қана қоймай, практикалық сабақтар барысында белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, оқу мақсаттарына сәйкес критериалды бағалау тапсырмаларын құрастыру, сараптау  тәжірибелік дағдыларын да меңгеруде.   Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру, саралау тапсырмаларын дайындау, жоспарлау мен оқыту үдерісінде Блум таксономиясын қолдану бойынша алған білімдерін, нәтижеге бағытталған сабақ жоспарын құруда  басшылыққа алатын қағидаттарды зерделей отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеп,  талдап, жетілдіру жолдарын ұсынды. Жаңаша  оқыту әдістемесі бойынша құнды тәжірибелік ұсыныстар талқылануда.

Курсқа  тыңдаушылар қызығушылықпен қатынасып,   белсенділік танытуда.