Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Колледждермен әлеуметтік серіктестік жалғасуда

14.02.2019 pdf_icon 142 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіби білім берудің көшбасшыларының бірі – «Өскемен құрылыс колледжі» КММ болып табылады.

2019 жылдың 13 желтоқсанында Өскемен құрылыс колледжінде оқу мекемесінің 85-жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелген әлеуметтік серіктестер, оқу мекемесінің ардагерлері, колледждің түрлі жылдардағы түлектері шақырылды.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ қоғамдық байланыс және баспа бөлімінің бастығы Байсаринова Н.Н. кәсіби шеберлікті арттыру мен ТжКБ үздік тәжірибесін беруде колледждің, оның жарқын өкілдерінің алатын маңызды рөлін ерекше атап өтті.

Өскемен құрылыс колледжі - Өскемен қаласының ең ежелгі оқу мекемелерінің бірі. Бұл білім мекемесі 1933 жылы құрылған және Механизаторлар мектебінен құрылыс колледжіне дейін даңқты жолды кешті. Колледж дамуының басымды бағыттары әрқашан инновациялық ортаны құру, оқушылардың әлеуметтік-кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

Колледждің мерейтойына орай көптеген құттықтау сөздері айтылды. Колледж директоры Токарев Н.Ю. оқу мекемесінің құрылу мен дамуына өзінің үлесін қосқан адамдарға үлкен алғысын білдірді.