Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Ұстаздың мейірімділік, рухани-адамгершілік парыз шапағатымен нұрланған өмірлік жолы

15.02.2019 pdf_icon 140 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Білім беру ұйымдарының орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында жұмыс істеуге көшуі қоғамда, ата-аналар және жұртшылық арасында әртүрлі пікірлер туғызып отырғаны белгілі. Осы мәселеде аға ұрпақтың, ардагер ұстаздардың тәжірибесін, бүгінгі білім беру жүйесіне деген көзқарастарын біліп, мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарында ескеріп отыру орынды екені белгілі.

Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Білім беру сапасы және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Б.Б. Нұғыманов ардагер ұстаз, көп жылдар бойы мектеп директоры қызметін атқарған, бүгінде «Жібек маталар комбинаты» мөлтекауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Нұрмұханбетовпен кездесіп, әңгімелесіп қайтты. Алибек Нурмухамбетович кезінде Нұрғалиевтер мұғалімдер династиясына бас болып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездескен.

Әңгіме барысында ардагер ұстаз ақпараттандыру, цифрландыру жағдайында орта білім беру мазмұнын жаңарту өзекті мәселелердің бірі екендігін, сонымен бірге рухани жаңғыру аясында патриоттық, рухани-адамгаршілік тәрбие берудің маңыздылығы туралы ой бөлісіп, пікір білдірді.