Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету

18.02.2019 pdf_icon 201 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қызметкерлері балабақшалармен әріптестік байланыста бірлесіп көптеген семинарлар, конференциялар, шеберлік сыныптарын және байқаулар ұйымдастырып отырады.

2019 жылдың 18 ақпаны күні «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Ер тарғын» балабақшасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық шеберлік сыныбын өткізді.

Іс-шараға «Өрлеу БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары С.Құсейнов, Л.Ташева және институттың курс тыңдаушылары, балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері қатысты.

Шеберлік сынып барысында балабақша тәрбиешілері «Таным», «Коммуникация» білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізді.

Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырылған оқу қызметінен алған оң тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Облыстық шеберлік сыныбын институттың аға оқытушылары С.Құсейнов, Л.Ташева қорытындылап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.