Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша Партиялық куратор комиссиясының кезекті отырысы

21.02.2019 pdf_icon 195 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 19 ақпаны күні «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Білім беру» бағытындағы Аймақтық комиссиясының Астана қаласындағы партияның орталық аппаратымен бейне-байланыс арқылы бірлескен отырысы өтті.

Партиялық куратор комиссиясының кезекті отырысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, Білім саласының өкілдері, облыстық және аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша Партиялық куратор комиссиясының отырысын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комиссия төрағасы Ә.Бектұрғанов кіріспе сөзбен ашты. Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасындағы ғылымның даму мәселелері» қарастырылды.

Комиссия отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Т.Ешенқұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, комиссия мүшелері Н.Дулатбеков, Ж.Нұрмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Д.Сабирбаев, «Нұр Отан» партиясы жанындағы ғылымды қолдау және дамыту мәселелері бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі Л.Құсайынова баяндама жасады.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Е.Байтілес, «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша аймақтық комиссия мүшелері А.Қасымова, Б.Елеусінов, Б.Сайлыбаев және т.б. бейне-байланыс арқылы Партиялық куратор комиссиясының кезекті отырысында қаралған мәселелерді талқылап, өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында атқарылған жұмыстар мен алдағы орындалар міндеттер бойынша комиссия мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, Партиялық куратор комиссиясының күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.