Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жаңартылғын білім мазмұны педагог практикасында: біліктілікті арттыру курстары

26.02.2019 pdf_icon 224 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

 «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жаңартылған білім мазмұны шеңберінде  Ақмола облысы педагогтерінің курстық дайындықтары басталды.

Бүгінгі күні жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламалары бойынша 3, 4 апталық курстарда 381 педагог  әр пәндерден атағанда  тілдік цикл мұғалімдері (қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері), сондай-ақ бастауыш сынып, физика, математика, Қазақстан тарихы және құқық негіздері, жаратылыстану, денешынықтыру пәндері мұғалімдері білімдерін шыңдауда.

Біліктілікті арттыру курстарын филиалдың жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша дайындықтан өткен сертификатталған тренерлер жүргізеді. Курс тыңдаушылары жаңартылған білім мазмұнының бағдарламалары шеңберінде оқытудың теориялық негіздері мен тәжірибелік тәсілдерін меңгереді.

Курстық дайындыққа қатысты ақпаратты оқу бөлімінен көрсетілген телефон арқылы біле аласыздыр 8/7162/25-24-99.

        

Осы және Сіздерді қызықтырған ақпараттарды әлеуметтік желілерде филиалдың парақшаларынан табасыздар:

Фейсбук: www.facebook.com/pg/Akmolaipk/

Инстаграм: @orleu_akmola.region

Филиалдың Ютуб арнасы: Ақмола Өрлеу Педагог әлемі

және филиалдың сайтынан: www.akmol-orleu.kz/

Әлеуметтік желілерде Фейсбук, Инстаграм,  Ютубта біздің парақшаларға жазылсаңыздар Сіздер барлық жаңалықтарды білетін боласыздар!!

 

 

 

 

Сайдалин М.С.

қоғам және баспа қызметі мен байланыстар бөлімінің бас маманы