Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Білімнің жаңартылған мазмұны контексінде оқыту

01.03.2019 pdf_icon 143 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жаңартылған білім мазмұны шеңберінде Ақмола облысы педагогтеріне курстық дайындық өткізді. Курс Бурабай ауданы, Щучье қаласындағы №8 мектеп-гимназиясы базасында «Қазақстан Республикасының орта білімінде білімнің жаңартылған мазмұны шеңберінде бастауыш сыныбы мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру» тақырыбында өткізілді.

Оқыту барысында тыңдаушылардың назары оқыту әдіс-тәсілдерін заман талабына сай қолданып,сыни тұрғыда бағалау жүйесіне байланысты болды.

Оқыту бағдарламасында теориялық аспектілермен белсенділік және практикалық жүйелерден қалыптасты.Жалпы пәндерде білімнің жаңартылған мазмұны шеңберінде сыни тұрғыда бағалау және оқытудың мақсатына жетуде формативтік тапсырмалардың жинақтамалары қолданылды.

Тыңдаушылар ықшамсабақтарға қатысып, жаңартылған білім мазмұнын іске асыруда керекті тәсілдерді қалыптастырып қолданды.Рефлексия осы арада білімдік жетістіктерге жетуді қадағалауға көмектесті.

Курстық дайындық білімнің жаңартылған мазмұны шеңберінде бастауыш сыныбы мұғалімдеріне өздерінің педагогикалық шеберліктерін шыңдауға ықпал етті, аталған ықпалдың әсерлері шара барысында көрінді.

Курстық дайындыққа қатысты ақпаратты оқу бөлімінен көрсетілген телефон арқылы біле аласыздыр 8/7162/25-24-99.

        

Осы және Сіздерді қызықтырған ақпараттарды әлеуметтік желілерде филиалдың парақшаларынан табасыздар:

Фейсбук: www.facebook.com/pg/Akmolaipk/

Инстаграм: @orleu_akmola.region

Филиалдың Ютуб арнасы: Ақмола Өрлеу Педагог әлемі

және филиалдың сайтынан: www.akmol-orleu.kz/

Әлеуметтік желілерде Фейсбук, Инстаграм,  Ютубта біздің парақшаларға жазылсаңыздар Сіздер барлық жаңалықтарды білетін боласыздар!!

 

 

 

Сайдалин М.С.

қоғам және баспа қызметі мен байланыстар бөлімінің бас маманы