Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Семинар-кеңес

22.05.2015 pdf_icon 735 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2015 жылдың 19 мамыры күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  БҚО ПҚБАИ жоспарына сәйкес «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының ұйымдастыруымен  №5 ЖББОМ - де  мектепалды даярлық  пен шағын орталық тәрбиешілеріне арналған  «Балалардың шығармашылық қабілеттерін ерте жастан дамытудың  инновациялық амалдары»  тақырыбында оқыту-семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешілерінің шығармашылық іс-әрекетін, кәсіби құзіреттілігін инновациялық технологиялар арқылы қалыптастыру. Семинарға барлығы  28 тыңдаушы - аудан, қала, облыстық мектептердің мектепалды даярлық  пен  шағын орталық тәрбиешілері қатысты. Семинарға қатысушыларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді.  Тәрбиешілер өзара іс-тәжірибелерін көрсетіп, шығармашылықтарын шыңдап, әдістемелік жұмыстарымен ой бөлісті.

Семинар соңында тәрбиешілерге қосымша материалдар ( электрондық нұсқа) берілді.