Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Рухани жаңғыру: «Бүкіл өмір - махаббат»

15.03.2019 pdf_icon 111 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 13 наурызында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада тамаша актриса, Абай ауданының Қарауыл ауылында дүниеге келген жерлесіміз Әмина Өмірзақованы еске алу ретро-фестивалі өтті. Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді.

Ретро фестивальға қаланың шығармашыл жастары, оқушылар, студенттер, оқытушылар, мәдениет қызметкерлері қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Нугуманов Б.Б. және мектепке дейінгі білім беру тәрбиешілеріне арналған курс тыңдаушылары да фестивальге қатысып, өз әсерлерімен бөлісті.

Әйгілі актрисаның оқушысы, біздің жерлесіміз, ҚР Халық артисі Досхан Жолжақсыновтың осы кеш үшін әдейі жазылған эксклюзивті бейне-естелігі қатысушылардың қызығушылығын тудырды.