Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Білім берудің жаңа мазмұны – болашаққа нық қадам

15.03.2019 pdf_icon 24 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 15 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қаласындағы №215 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Білім берудің жаңа мазмұны – болашаққа нық қадам» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысының мақсаты – оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне сүйене отырып оқушының ізденгіштік, танымдық іс-әрекетін дамыту, өмірге көзқарасын қалыптастыру және оқушылардың игерген білімін іс-жүзінде пайдалана білуге үйрету.

Семинар жұмысына институттың аға оқытушысы О.Орманов, қала мектептерінің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер мен мектеп оқушылары қатысты.

Семинарды мектеп директоры А.Абдигапбаров кіріспе сөзбен ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бекетова қатысушыларды әдістемелік көрмемен таныстырды.

Семинар барысында мектеп мұғалімдері 7 бағыт бойынша ашық тәрбие сағаттарын, кіріктірілген сабақтарды, ата-аналармен бірлескен тренингтер, сайыс сабақтары мен танымдық сабақтарын өткізді.

Семинар қорытындысында қатысушыларға мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бекетова «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы мектептің жұмыстарымен таныстырды.

Семинар соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы О.Орманов белсенді сабақ өткізуде өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, мектеп мұғалімдерінің сұрақтарына жауап берді.