Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Қазақстан Республикасында мектептегі психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция

25.05.2015 pdf_icon 1516 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының 2015 ж. арналған Операциондық жоспарына сәйкес Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2015 ж. 22 мамыр күні «Қазақстан Республикасында мектептегі психологиялық қызметтің қазіргі жағдайы мен даму келешегі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция өткізді.

Конференция мақсаты:

  • біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында мектеп психологының кәсіби құзырлылығын дамыту.

Оn-line конференция жұмысына жоғары оқу орындары ғалымдары; филиалдардың мектептегі психологиялық қызметке жетекшілік жасайтын оқытушылары мен бөлім мамандары, қалалық/облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері, инклюзивті сыныптардың мұғалімдері қатысты.

 

Конференция барысында «Мектептің психологиялық қызметін жетілдірудегі біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі», «ҚР ЖОО психолог мамандарын дайындаудың қазіргі жағдайы», «Астана қаласы мектептерінің психологиялық қызметіне жаңа білім беру технологияларын енгізу», «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу», «Біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында мектеп психологының кәсіби құзыреттілігін дамыту», «Біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында мектеп психологының кәсіби құзыреттілігін дамыту», «Біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында мектеп психологының кәсіби құзыреттілігін дамыту», «Қазіргі мектептегі психологиялық қызмет: мәселелер мен даму келешегі», «Қазіргі оқушының әлеуметтік-психологиялық портреті» қарастырылды. 

 

            Конференцияда өзекті тақырыпта Саинова Людмила Александровна - «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚ БАИ директоры; Мамбеталина Әлия Сақтаганқызы, психол.ғ.к., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының доценті; Ахметова Асият Бапанқызы - Астана қаласы Білім басқармасындағы психологиялық қызмет кабинетінің әдіскер-психологы; Баяндина Гүлнар Амантайқызы - ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері; Амержанова Шолпан Кабижановна - «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері; Бухачева Елена Александровна - «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Астана қ. бойынша ПҚ БАИ мұғалімнің кәсіби дамуын  педагогика-психологиялық тұрғыдан  қолдау кафедрасының аға оқытушысы; Шумахер Ольга Викторовна - Павлодар қ. химия-биология бағыттағы НЗМ педагог-психологы баяндама жасады.

 

Конференция қорытыныдысында келесі ұсыныстар қабылданды:

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалдарына:

-          мектеп психологтарына арналған біліктілікті арттыру курстарының санын көбейту мәселесін қарастыру;

-          инновациялық идеяларды, педагог-психологтар және мектептің психологиялық қызметінің үздік педагогикалық тәжірибесін анықтау бойынша жұмысты жалғастыру;

-          мектеп психологының кәсіби дамуының жеке траекториясын құру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;

-          мектептегі психологиялық қызметті жетілдіру бойынша БАИ курстық және курс аралық іс-шараларының қызметін жандандыру;

-          мектептегі психологиялық қызметтің сапасын арттыру бойынша мектеп психологтарының кәсіби қызметін әдістемелік тұрғыдан қолдауын қамтамасыз ету.

 

Жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына:

-          инклюзивті білім беруді жүзеге асыру шеңберінде білім алуға ерекше сұранысы бар балалармен жұмысты нығайту; 

-          халықаралық тәжірибеге сүйене келе балалар мен жастардың арасындағы түрлі жағымсыз көріністің алдын алу бойынша кәсіби қоғамдастықтарды ұйымдастыру;

-          құқық бұзушылықтың, суицидтың алдын алу, сонымен қатар басқа да бейәлеуметтік құбылыстар және деструктивті мінез-құлықтармен байланысты мәселелерге анық елеу механизмін әзірлеу;

-          нормативтік талаптарға сай материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша балалармен жеке және топтық жұмысты өткізу үшін психологтарды жеке жұмыс кабинеттермен қамтамасыз ету.

           

Оn-line конференция материалдары бойынша электрондық жинақ әзірленеді