Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен оқудағы заманауи педагогикалық тәсілдер

29.03.2019 pdf_icon 209 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 29 наурызы күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында жаңартылған білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, диалогтік алаң құру, тәжірибе алмасу және мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту мен оқудағы заманауи педагогикалық тәсілдер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізілді.

Конференция жұмысына Қызылорда, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылық құрамы, жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы курстар бойынша сертификатталған мұғалімдері, Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасынан барлығы 190 адам қатысты.

Конференция жұмысының пленарлық мәжілісіне 12 баяндама тыңдалып, талқыланды.

Конференция жұмысына қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Конференция материалдары электронды ғылыми-әдістемелік жинақ түрінде PDF форматында жарияланады.