Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Кітапты оқырмандарға жақындатудың инновациялық әдістері

03.04.2019 pdf_icon 131 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

     2019 жылдың 2 сәуір күні Екібастұз қаласының №4 ЖОМ базасында «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ және Екібастұз қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп мектептердің кәітапхана меңгерушілері үшін семинар өткізілді, оған Екібастұз, Ақсу қалаларынан 56 кітапханашы жиналды.

   Семинарда білім беру бөлімінің бас маманы, Екібастұз қаласының №4 ЖОМ А.Ш.Тажмағамбетова, № 12 ЖОМ Р.О.Бозжанова, №6 ЖОМ С.М.Қабиева, №21 ЖОМ Т.Р.Өзбекова сөз сөйледі.

    Адамзаттың мәдениетіне оқытудың негізгі міндеті көркем әдебиет туралы тұтас түсінік қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылықты тәрбиелеу болып табылатыны құпия емес.

  Оқу –зияткерлік дамудың технологиясы, мәдениеттену тәсілі, қарым-қатынастың дәнекері, өмірлік мәселелерді шешудің құралы. Оқусыз өмір бойы жалғасатын  интеллектуалдық даму мен өздігінен білім меңгеру мүмкін емес.

  Оқуға оқытудың негізгі мақсаты- кітапқа деген қызығушылықты арттыру арқылы оқудың толық техникалық дағдыларын қалыптастыру, оқылған ұғымды түсінумен  оқу стратегияларына үйрету болып табылады. Бұл ретте еркіндік жағдайын жасау, кітапты өздігінен таңдауға жағдаят тудыру, түрлі акциялар, ойындар өткізу кезінде қуанышты жағдай жасау, балаларға күнделікті жақсы кітаппен кездесуге мүмкіндік беру, оқығанды талқылау кезінде тыңдау және сөйлеу біліктерін, дауыстық және артикуляциялық аппаратты еркін меңгеру біліктерін дамыту, драматизациялау мен қойылымдар  т.б. арқылы ауызша сөйлеудің мәнерлі құралдарын пайдалану аса маңызды.

   Семинарға қатысушылар шеберлік сабағында оқытудың «Мәтін мозаикасы» инновациялық әдістемесін меңгеру бойынша оқылатын шығармаға қызығушылық  тудыратын, тыңдау және мәнерлеп оқу біліктерін дамытатын, автордың шеберлігімен құрылған көркем әлемге шақыратын, оның өз ойымен, бақылауларымен, оқырмандармен эмоцияларымен бөлісетін,  келісуге немесе дауласуға, онымен бірге  әсемдікке таңдануға болатын іс-әрекетке енгізілді. 

 

                              «Өрлеу» БАҰО АҚФ Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ баспа орталығы