Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

«Болашаққа бағдар» бағдарламасының 2 жылдығына орай

11.04.2019 pdf_icon 176 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Мемлекет басшысының Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының 2 жылдығына орай Жамбыл - «Өрлеу» ұжымы көмекке мұқтаж қиын жағдайда қалған аналарға  қолдан келер көмегін көрсетті.

Әлеуметтік модернизация бағдарламасы бізді шабыттандырады: басқаларға көмектесу арқылы өзімізге көмектесеміз, бізді қоршаған ортаны мейірімдірек әрі мейірбан етеміз; игі истеріміздің нәтижесін саралай отырып, түрлі жағдайларға ықпал ете алатынымызды, әлемді жақсы жаққа өзгертуге үлесімізді қоса алатынымызды түсінеміз; өз жетістіктеріміздін нәтижелерімен бізді қоршаған адамдармен бөлісеміз, қоғаммен өз байланысымызды тығыз екендігін сезінеміз, оған алға жылжуға ықпал ете аламыз.

Балаларымызға қамқор болу әрбір азаматтың міңдеті екендігі айқын. «Туған жер» бағдарламасының 2 жылдығына орай әлеуметтік модернизация бағдарламысы бойынша  Жамбыл - «Өрлеу» ұжымы Аналар үйінде қамқорлық акциясын өткізді. Қиын жағдайда қалған жас аналар және олардың балалары – қарттар сияқты қамқорлыққа мейірімділікке және махаббатқа мұқтаж жандар.

Аналар үйі қиын жағдайға түскен, бірақ сәбилерінен бас тартпаған жас аналарға өз есігін айқара ашып, өз қамқорлығына алады. Осы жобаның арқасында көптеген жас аналар жылу және қолдау тауып отыр.

Өз қиындықтарына қарамастан Жамбыл - «Өрлеу» ұжымының қамқорлығы қуантады, аналар үйінін тұрғындарына көмек қолын созуға және қолдауға әрдайым дайын әрі ынталы. Қолдарына сәбилерін ұстаған аналардың бақытты жүздерін көру, сәби арбаларын, балалардың былдырлаған дауыстарын есту  қандай ғанибиет! Бұл жерде аналар өз балаларының алғашқы күлімдегенін көріп, «Мама» деген алғашқы сөзін есту, алғашқы қадамын көру бақытына бөлене алады. Аналар үйі – олдардың алғашқы үйі!

Біздің болашағымыз бүгінгі мейірімділіксіз мүмкін емес!

Іс-шараның бейнежазба түрін әлеуметтік желілерден көріңіздер! Жіберіп алмаңыздар!

Іс-шаралар анонсы: ертең «Жамбыл - «Өрлеу» ұжымы Ардагерлер үйіне барады.

                                         

Шынар Тойганбекова, ББҮППҚ каферасының меңгерушісі