Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Нағыз заманауи Ұстаздың жарқын үлгісі және бейнесі

12.04.2019 pdf_icon 6 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Ағымдағы жылдың сәуір айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-ға Өскемен қаласының «О.Бөкей атындағы №44 лицей» КММ директорының тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс жөніндегі орынбасары Садыкова Нуржамал Ануарбекова келіп, институт ұжымына табысты әріптестік және өзінің кәсіби қалыптасуына институттың қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Әрине, біздің облысымыз педагогтерінің тиімді тәжірибелері көптілділік білім беруді жүзеге асыру жағдайында құнды әдістемелік демеу болатыны сөзсіз.

Садыкова Нуржамал Ануарбековна 2019 жылдың 7 наурызында Ақордада өткен Қазақстан Републикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен «Көктем шуағы» атты дәстүрлі кездесуге қатысқан.

Кездесу барысында Нұржамал Ануарбековна Шығыс Қазақстан облысының мектептері 2015-2019 жж. аралығында көптілділікті егізу бойынша эксперименталды жобаға тартылғанын айтып, облысымыздың инновациялық тәжірибесін республика деңгейінде жинақтап-таратуды ұсынды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ұжымы да Нұржамал Ануарбековнаға үздіксіз, тиімді әріптестік үшін алғыстарын білдіріп, еңбек жолында жұлдызы жанып, әрқашан заманауи Ұстаздың үлгісі болып қалуын тіледі.