Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Жеңімпаз ерлігін ел ұмытпайды

12.04.2019 pdf_icon 7 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылғы 4 сәуірде әлеуметтік желілерде бастау алған "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Ұлы жылдарға тағзым етейік» жобасының танымалдығы арта түсуде. Өздерінің жобаға  қатысуымен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне деген құрметтерін бізбен ынтымақтасу арқылы  көрсеткен түрлі ұжымдар – білім беру ұйымдарының саны күннен күнге артып келеді.

Біздің азаматтық бастамамызды әлеуметтік желілердің көптеген жазылушылары да қолдайды. Оның дәлелі роликтерге берілген оң пікірлер. Филиал қызметкерлерінің орындауындағы Расул Гамзатов пен Ян Френкельдің "Журавли", Михаил Исаковский және Матвей Блантердің "В лесу прифронтовом" әндері, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларының орындауындағы Бәкір Тәжібаев және Сейдулла Байтерековтың "Әлия", соғыс лыдары әндерінен попурри, Евгений Агранович пен Рафаил Хозактың  "От героев былых времен" әндері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның "Ақ бота" бөбекжай-бақшасы және Петропавл қаласының "Чайка" балабақшасы тәрбиеленушілерінің орындауындағы Арина Чугайкинаның "Девятое мая", В. Шестакованың "Гремит салют" әндері ешкімді бей-жай қалдырмағаны сөзсіз.

 Жоба – ата-бабаларымыздың бүгінгі күннің игілігі үшін қан төккендігін естен шығармағандығымыздың дәлелі екендігіне сенімдіміз.  Олардың ерлігін есте сақтап, құрметтеу  -

парызымыз, өйткені олардың арқасында  бүгін өмір сүреміз, өмірімізге қуанамыз, ата-бабаларымыздың сол қиын уақыттағы ерлігінің шынайы тарихын әрі қарай келесі буынға жеткізетін өскелең ұрпақты тәрбиелейміз.