Біздің филиалдар

"Өрлеу" буклет

Жабу
  Көру үшін басыңыз

Костанай – Челябинск: Дарынды және келешегі бар балаларды сүйемелдеу және қолдаудың өңірлік моделдері

15.04.2019 pdf_icon 10 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Челябі білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесіп 2019 жылдың  15 сәуір–27 қыркүйек аралығында «Дарынды және келешегі бар балаларды сүйемелдеу және қолдаудың өңірлік моделдері» тақырыбында  IX Халықаралық он-лайн ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру жағдайында дарынды және келешегі бар балаларды сүйемелдеу және қолдау тәжірибесін зерделеу және тарату болып табылады.

Бірнеше жыл бойы Қостанай облысының мұғалімдері осы конференцияға белсене қатысады. Өткен жылда қатысқандардың жұмыс тәжірибесі конференцияларда байқалды және көрші елдермен Қостанай облысының білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастық бойынша байланыс орнату үшін итермелеу күш болды.

Биыл мектепке дейінгі, жалпы, қосымша, кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерін  конференцияға белесенді қатысуға шықырамыз.

Конференция  жұмысы келесі бағыттар бойынша өтеді:  балалар дарындылығы психикалық құбылыс және оның әлеуметтік-педагогикалық проекциясы ретінде;  білім алушылардың танымдық уәждемесін дамытудың педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелері; дарынды және жоғары уәждемелі білім алушылардың әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру және дамытудың психологиялық-педагогикалық механизмдері;  дарынды және келешегі бар балаларды, олардың педагогтерін және ата-аналарын психологиялық-әдістемелік сүйемелдеу; пән және метапәндік нәтижелерді қалыптастыру және дамытудың технологиялары; кәзіргі заманғы әлемдегі білім алушылардың оқу-зерттеушілік және жобалық қызметі; дарынды және келешегі бар балалар мен жастарды кәсіби оқытудың  кәсіптік өзанықтамы мен мәселелері.

Қатысу туралы егжей-тегжейлі ақпаратты http://orley-kost.kz/index.php/ru/konfirenciii филиалдың ресми сайтынан білуге болады.

 

 

Бакуменко С.В.