Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Солтүстіктен келген қонақтар

15.04.2019 pdf_icon 169 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ 2019 жылдың 11 сәуірінде Саха Республикасынан (Якутия) педагогтар делегациясы келді. Бұл алыс Якутиядан келген әріптестердің үшінші сапары. Айта кету керек, әр жолы әртүрлі санаттағы педагогтар келеді. Егер 2018 жылы орта мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдері келсе, бұл жолы «Есту қабілеті нашар балаларға арналған Республикалық арнайы (түзету) мектеп-интернаты» және «Республикалық психологиялық-медициналық әлеуметтік қолдау орталығынан» 11 мұғалім келді.

Мұғалімдер Қазақстанға «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы «Білім беру кеңістігінде ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін кедергісіз орта құру» курсында білім алу үшін келді. Олар Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ үш тілді білім беру саласындағы қызмет барысымен танысу үшін Алматы қаласы мектептерінің бірінде болып, көшпелі сабаққа қатысқаннан кейін келді. Делегацияны институт директоры Р. Сәдуақасовамен бірге институт ұжымы жылы қарсы алды.

Якутиядан келген мұғалімдерге М. Монтессори кабинетімен танысу өте қызықты өтті. Институтың аға оқытушы, тәжірибелі ұстаз З. Еденбаева мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтарына арналған курстар туралы, балаларды оқыту технологиялары туралы әсерлі әңгімелеп берді. Сондай-ақ М. Монтессори әдістемесі бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ шығарған әдістемелік құралдармен таныстырды.

Бұдан кейін якутиялық қонақтар робототехника кабинеті, ақпараттық-коммуникациялық орталық және Қазақстан Республикасы педагогтарының біліктілігін арттыру жүйесінің тарихы мұражайын аралап көрді. Ұсынылған кабинеттердің әрқайсысы қонақтарды өзінің материалдық-техникалық жабдықталуымен таң қалдырды, сонымен бірге бұл кабинеттердің біліктілікті арттыру курстарын өткізу үшін де, курстан кейінгі іс-шараларды: семинарлар, вебинарлар, конкурстар, консультациялар өткізу үшін де бейімделгендігіне риза болды.

Әсіресе, мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Институт кітапханасы» сайты қонақтарға ерекше әсер етті, онда әрбір тыңдаушы еркін, қолжетімді және үнемі жаңартылып отыратын барлық қажетті әдебиеттермен танысуға мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізді.

 

Мұражайда қонақтар «Өрлеу» БАҰО» АҚ және оның филиалдарымен қазақстандық білім беру сапасын арттыру бойынша өткізілетін жұмыс көлеміне де таң қалды. Якутиялық әріптестерге мұражай экспозицияларының сандық форматы қатты ұнады. Мультимедиялық зертханада қонақтар «Өрлеу» БАҰО» АҚ білім беру арнасы үшін бейнематериалдар жасау процесімен танысты, аппаратураны қарап, өз делегациялары туралы алғашқы бейнеинтервьюін жазып, алған әсерлерімен бөлісті және «Өрлеу» БАҰО» АҚ курстарында оқу мүмкіндіктері үшін алғыстарын білдірді.

 

Экскурсия аяқталғаннан кейін институт бойынша ұжымдық фото жасалды және институтқа келушілердің кітабында Якутиядан келген әріптестерден тілектестік жазба пайда болды.

 

Біздің ынтымақтастығымыз бұдан әрі де жалғасын тауып, қазақстандық және ресейлік білім беру жүйелеріне табыс пен гүлденудің жемісін әкеледі деп үміттенеміз.

И. Халитова