Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Инклюзивті білім беру-педагогикалық кәсіптіліктің жаңа форматы

16.04.2019 pdf_icon 165 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылы 12 сәуірде Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде "Инклюзивті білім беру: теория және тәжірибе" тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияға ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтары, Жамбыл-«Өрлеу» филиалының өкілдері, ТарМПУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Инклюзивті білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздері.

2.Инклюзивті контекстіндегі жаңартылған білім беру бағдарламасы: оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа тәсілдер.

Конференцияда өзекті және уақытылы ақпаратты әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Жамбыл-«Өрлеу» филиалы тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Айгүл Абилова ұсынды. Астана қ. "Қоғамдық пікір" зерттеу институты өткізетін әлеуметтік кесіндінің (2019 жылғы наурыз) сандарын ұсына отырып, біздің қоғамымыздың мүгедек балалар мен ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қатынасы туралы.

Жамбыл-«Өрлеу» филиалы тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының психологы Әсия Сейтжапарова нейропсихологиялық әдістерді қолдана отырып, инклюзивті білім беруде ерекше білім алу қажеттілігі бар бала отбасын сүйемелдеу бойынша психологтың рөлі туралы айтты.

"А-Нұр" ерекше білім беру қажеттіліктерімен балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының жұмысымен бізді Айгүл Саимкулова таныстырды.

Конференцияда инклюзивті білім беру педагогтарының, ғалымдардың қызықты баяндамалары тыңдалды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру бағдарламалары мен оқу ресурстарын бейімдеу және түрлендіру практикасы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке білім беру траекториясын жобалау, тұлғаның психологиялық денсаулығының шарты ретінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету. Конференция барысында біздің облыста инклюзивті білім берудің қалай енгізілгенін көрсетті.

Шынар Қоянбаева,

курстан кейнгі қолдау және инновацияларды

енгізу зертханасының PR SMM маманы