Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Өзара әрекеттестік мұғалімді қолдау үшін

18.04.2019 pdf_icon 168 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

Біліктілікті арттыру курсында оқу – мұғаліммен, оның жұмыс істейтін мектебімен одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасаудың бастапқы сатысы болды. Бұл пікірді Шахтинск қ. №1 гимназияның педагогикалық ұжымы құптайды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды филиалының оқытушылары 4 жыл бойы осы мектеппен бірлесе ынтымақтастықта жұмыс жасауда.

Міне, 2019 жылдың 17 сәуірінде мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі М.П. Кушнир аттестаттауға дайындалып жүрген А.А.Титова, И.Ю.Кардополова сынды мұғалімдердің сабақтарына қатысты. Мектептің 8 мұғалімі өздерінің педагогикалық тәжірибесін көрсетіп, «Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолдану» тақырыбында семинар өткізді.  

Ынтымақтастықтың бастауы Филиалда оқыған бастауыш сынып мұғалімдерін курстан кейін сүйемелдеу болды. Кейін ағылшын тілі пәні мен дене шынықтыру сабағының мұғалімдері қосылды. Сондай-ақ, гимназия ұжымы «Өрлеу» Қарағанды филиалында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша біліктілігін арттырды. Қарағанды аймағының жас педагогтарына арналған бірлескен аймақтық семинар өткізілді.

Сабақтарға қатысу қорытындысында педагогикалық тәжірибелерін зерделеумен қатар «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауға қатысу үшін ұсыныстар берілді. Сабақтарды кіріктіру және педагогикалық технологияларды қолдану бойынша ұсынылған педагогикалық идеялар республикалық деңгейде танысытырылымға лайық.

Ұзақ жолдың өзі кішкентай қадамдардан басталады. Бұл жолда тосқауыл болмасын!

 

М.П.Кушнир, МДТ және ТӘ кафедрасының меңгерушісі