Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жас педагог – ел болашағы!

19.04.2019 pdf_icon 185 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

2019 жылдың 18 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да Қазақстандағы жастар жылы шеңберінде «Шәкіртке ұстаз болу-ірілік» жас педагогтер фестивалі өткізілді. Фестиваль жалпы білім беретін ұйымдар педагогтерінің кәсіби дамуын қолдауға бағытталған.

Фестиваль мақсаты: жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашып көрсету, кәсіптік белсенділік пен азаматтық бастаманы дамыту, жас педагогтердің кәсіптік және әлеуметтік бейімделу үрдісін жеделдетуге ықпал жасау.

«Шәкіртке ұстаз болу-ірілік» жас педагогтер фестивалі – бұл педагог өзін танытуға, өз идеяларын жүзеге асыруға, таланттарын көрсетуге мүмкіндік беретін іс-шара, ол ерекше қарым-қатынас жасау, шығармашылықтар мен жаңа табыстар әлемі.

Іс-шараға өзінің педагогикалық жолын жаңа бастаған және алдағы уақытта әлі де білім саласында көп нәрсені үйренетін облыстың жас мамандары қатысты. Тіркеу кезінде қатысушылар командаларға бөлініп, фестивальдің салтанатты ашылуында өздерін шығармашылық сәлемдесумен белсенділігі мен ұйымшылдығын көрсетіп таныстырды.

Кәзіргі заманғы баланы қалай оқыту керек? Заманауи сабақ қандай болу тиіс? Осындай сұрақтарға жас мұғалімдер сабақтың кезеңдерін жаңаша құрастырылуын үйрететін интербелсенді алаңдарда жауаптар алды. Құзыретті тренерлер басшылығымен жұмыс жасаған, мақсаттылық, белсенді әдіс-тәсілдер, критериалды бағалау, саралау, рефлексия деп аталған бес алаңда педагогтер көптеген жаңа практикалық білім алғанын байқатты.

Алған білімдерін көпшілік алдында қорғау фестивальдің қорытындысы болды. Әр команда сабақтың бір бөлігінің таныстырылымын өткізді, ал көрермендер залда отырып жас педагогтердің заманауи сабағын бақылай алды.

«Шәкіртке ұстаз болу-ірілік» фестивалі мұғалімдер ұсынған таланттар отшашумен аяқталды. Қостанай облысының әр ауданының өкілдері ән айтып, өлеңдер оқыды, ұлттық билер билеп, тіпті сурет те салды. Бұл фестиваль қатысушыларын одан да көп біріктірді және біздің жас мұғалімдер қаншалықты дарынды, белсенді, жан-жақты дамығанын көрсетті.

Фестиваль жас педагог қызметкерлердің өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту және өз бетінше кемелдену үшін жағдай жасады, жас педагогтердің шығармашылық, кәсіби бастамаларын іске асыруға деген уәждемесін арттырды, жас педагогтердің кәсіби байланыстар аясы мен ой-өрісін кеңейтуге көмектесіп, педагог мамандығының беделін көтеруге мүмкіндік туғызды.

Рефлексия қорытындысы бойынша қатысушылар көп білім, бағалы практикалық ақпарат, жаңа байланыстар мен жаңа таныстарға ие болды деп сенімді айтуға болады, педагогикалық қызметінде олар үшін нақты үлгі болған тренерлермен  танысып, білім алумен бірге рухани байыды.Осы күннен бастап фестиваль қатысушылардың сабақтары бұрынғыдай емес,  одан да қызықты және мазмұны болады.

 

Бакуменко С.В.