Біздің филиалдар

"Өрлеу" бос жұмыс орындары

Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз

26.04.2019 pdf_icon 181 pdf_iconPDF ВЕРСИЯСЫН - КӨШІРУ

"Қазақстан 2020: болашаққа жол" мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын, Жастар жылын іске асыру, жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсу үшін жағдай жасау және оларды Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелерінде бекіту мақсатында, "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың 21 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" ІІІ республикалық жас педагогтардың конкурсының ақтық кезеңі өткізілді. "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы "Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ" қазылар алқасының құрамында оқу жұмысы және мониторинг  қызметі бөлімінің бас мамандары Макитова Мара Жұмабековна мен Жұманбаева Айгүл Оразқызы қатысты.

        Байқауға облыстық деңгейде және Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 1,2,3 орын алған 57 педагог қатысты. Қорытынды турға қатысушылар қазылар алқасы "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" тақырыбында эссе ұсынды, панорамалық "Ашық сабақ" және "Шығармашылық жолдың басталуы" тақырыбында өзін-өзі таныстыруларын көрсетті. Байқаудың әрбір қатысушысы кәсіби дағдысы, рефлексия жасау қабілеті, педагогикалық дарындары және жаңашылдыққа ұмтылысы бар өзін рухани дамыған, шығармашылық тұлға ретінде көрсете алды.

 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Конкурс жеңімпаздарына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдары, "Балдәурен" РОСО филиалдарына жолдамалар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Гран-При жеңімпазы-жеңімпаз мүсінін, ноутбук және Бурабай "Балдәурен" РОСО-на жолдама алды. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқаудың барлық қатысушыларына инновациялық идеялар, шығармашылық, табыс тілейміз!

           

Осы және Сіздерді қызықтырған ақпараттарды әлеуметтік желілерде филиалдың парақшаларынан табасыздар:

Фейсбук: www.facebook.com/pg/Akmolaipk/

Инстаграм: @orleu_akmola.region

Филиалдың Ютуб арнасы: Ақмола Өрлеу Педагог әлемі

және филиалдың сайтынан: www.akmol-orleu.kz/

Әлеуметтік желілерде Фейсбук, Инстаграм,  Ютубта біздің парақшаларға жазылсаңыздар Сіздер барлық жаңалықтарды білетін боласыздар!!

 

А.О.Жуманбаева